Тарих тағылымы

Бүкілодақтық және Халықаралық фестивальдардың лауреаты, Халықтық ұжым, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасының иегері, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы жанынан құрылған фольклорлық «Достық» әнби ансамблінің шығармашылық тарихы

 «Құрманғазы» атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары бөлімін домбыра және дирижерлеу мамандығы бойынша бітіріп келген жас маман, музыкалық училещенің ұстазы Қасымхан Байтемировтың бастамасымен 1972 жылы Облыстық мәдениет басқармасының жанынан «Достық» ән-би ансамблі ұйымдастырылды. Ұйымдастыру жұмыстарына сол кезде консерваторияны халық аспаптары мамандығы бойынша бітірген, дирижер, әль-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институның ұстазы Асқар Жақыпбеков, әнші–вокалист Есімбекова Шәкен Сағымбековна, Алматыдағы хореграфия училищесінің «Халық биі» мамандығы бойынша оқып бітіріп келген Баубеков Медеу Құрбанұлы сияқты өнерпаздар атсалысты.

Ансамбль құрамында 10-12 адамнан құралған шағын халық аспаптық ансамбль, 8-10 адамнан құралған бишілер тобы және әншілер (4-5 әнші) болды. Ансамбльдің репертуары негізінен халық әндері, халық композиторларының шығармалары және заманауи әндер мен билерден құрастырылды. Халыққа кеңінен танымал орыс, өзбек және басқа халықтың шығармалары да репертуарлардан орын алып отырды. КСРО халықтарының щығармаларынан (қазақ, орыс, өзбек, молдаван, эстон, украин, беларусь т.б) құрастырылған әндер мен билердің «Халықтар достығы» атты композициясы (оркестрдің сүйемелдеуінде, көлемі 8-9 мин.) ансамбль репертуарының идеалық негізі ретінде көрсетілетін.

Ансамбльдің жұмысы коғамдық негізде ұйымдастырылуына байланысты, жетекшілерге және ансамбльге қатысушы студенттерге еңбекақы төленбейтін. Барлық жұмыс қатысушылардың өнерге деген ықыласы мен ынтасының арқасында іске асатын. Жетекшілерге (ансамбльдің көркемдік жетекшісіне, бишілер тобының  жетекшісіне және хормейстерге) ансамбль «Халықтық ұжым» атағына ие болғаннан кейін еңбекақы төленетін болды.

1978 жылдың қазан айында «Құрманғазы» атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын «Халық аспаптары оркестрімен дирижерлау» мамандығы бойынша бітіріп келген жас маман Балабеков Едіге Оразбекұлы ұжымның кәсіби өрлеуіне барынша атсалысып, ансамбльдің көркемдік жетекшісі болып жұмыс атқарды.  

(Балабеков Едіге Оразбекұлы-Фольклортанушы, 1979-1988 жылдардағы ансамбльдің көркемдік жетекшісі, дирижеры, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті.)

Ансамбль қазақ халқының музыкалық өнерімен таныстыру және халықтар арасындағы достық қатынастарды жетілдіру мақсатында Өзбекстанда (1986), Монғолияда (1987) және Польшада (1988) өткізілген әртүрлі концерттік іс-шараларға қатысты.

Фольклорлық ансамбльдің негізгі функционалдық міндеті болып табылатын–халық музыкасы мен рухани құндылықтардың жинақтаушы, сақтаушы, жетілдіруші, насихаттаушы жұмыстарын барынша нәтижелі атқарғаны үшін «Достық» фолкьклорлық ансамблі 1988 жылы Қазақ ССР-і Жоғарғы кеңесінің Мақтау Грамотасымен марапатталды.

1980 жылы Облыстық мәдениет басқармасынан жұмысы тоқтап қалған «Достық» фольклорлық ансамблін қайта құру ұйымдастырылып, Орталық телевиденияның (Москва деп аталатын) «Мой адрес-Советский Союз» бағдарламасына ансамбльдің концертін дайындау туралы ұсыныс келді. Уақыт өте тығыз, мамыр айының аяғына дайындау керек еді. Ансамбль құрамын толығымен әль-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институның студенттері мен ұстаздарынан іріктеп алдық. Сол жылдың 6-шы маусымы күні Москва телеканалының «Мой адрес-Советский Союз» бағдарламасынан 26 минуттық «Достық» ансамблінің концерті көрсетілді.

Ансамбльдің шығармашылық жұмысының жанданып, үлкен жетістіктерге жетуіне, орындаушылық шеберлігінің жоғары деңгейде көтерілуне әль-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет иниститутының ұстаздары, жоғары білікті музыкант-мамандар доцент Қиятай Ахметованың, Құрман Шойынбаевтың, Ғалия Жомартованың, Мұсабек Жарқынбековтың, Қайырлы Қайырбековтың көп еңбектері сіңді, олар уақытпен санаспай, өнер үшін қызмет жасады.

1980 жылы халық әні «Дедімай-ау», Жаяу Мұсаның әні «Ақ сиса» және Ы.Сапарбаевтың «Сағыныш сазы» әні жазылған «Достық ансамблі» атты күйтабақ дүниеге келді. Келесі 1981 жылы көпшіліктің сұрауы бойынша қайта шығарылым, таратылды.

Менің жетекшілігіммен «Достық» фольклорлық ансамблі 1989 жылға дейін халыққа мәдени қызмет көрсетіп, қазақ халқының рухани басты байлығының бірі болып саналатын әндері мен күйлерін, би өнерін тек Қазақстанда ғана емес әлемнің бірнеше елінде орындап, насихаттады, оның дамуына, жаңа заман үлгісінде танылуына үлесін қосты. Ансамбль үш мәрте Республикалық «Қазақстан» телеарнасынан өнерін көрсетті.

1985 жылы мамыр-маусым айларында Ұлы Жеңістің 40 жылдығын насихаттау жұмыстары аясында Куба Республикасында өткен іс-шараларға қатысып, жастарға арналған 14 концерт және Кубаның телеорталығынан концерт берді.


Мәскеу қаласы. Дзержинский демалыс саябағы. Куба еліне жүрер алдындағы Мәскеудегі соңғы концерт.


Ансамбль күй орындауда. Дирижер Едіге Балабеков


Ансамбльдің әншісі Бейсенбек Бибосынов