Нақты атқаратын іс-шаралары

Облыстағы клуб мекемелері мен мәдениет үйлерінің жұмыстарына бағыт-бағдар беру, әдістемелік көмек көрсету, көп жанрлы халық шығармашылығы саласының әрі қарай даму және өркендеу жолдарының біртұтас жүйесін жасайды.
Қазақ халқының ежелгі рухани мәдениетін, дүниетанымын, мол мәдени мұрасын, осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеудің тұтастық жүйесін құрады.
Тарихи-ұлттық сананың деңгейін көтеру, ұрпақтардың этно-мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Түркістан облысының мәдениет басқармасының қаулы, бұйрық, нұсқау, ұсыныстарын басшылыққа алып, мәдени-демалыс қызметтерін жақсартуда республикалық, аймақтық бағдар-ламаларды ереже, нұсқау, әдістемелік оқу-көмек құралдарды, іс-тәжірибелерді, мәдени көпшілік жұмыстарының жаңа әдістері мен түрлерін зерттеп, сараптап облыс көлеміне лайықтап өңдеп тәжірибеге енгізіп отырады.
Облыстағы клуб мекемелері мен мәдениет үйлерінде көп жанрлы халық шығармашылығының салаларын бүгінгі күн талабына сай оның мән-мағынасы мен ерекшелігіне қарай бағыт-бағдар беріп, іс-тәжірибелерін жинақтау, өнер иелерінің шығармашылығын насихаттайды.
Қазақстан Республикасының барлық облыс, қалаларымен және алыс-жақын шетелдермен шығармашылық байланыста жұмыс жасай отырып, республикалық, халықаралық деңгейде өтетін мәдени шараларға (айтыс, фестиваль, байқау, конференция, форум, көрме т.б.) талантты өнерпаздарды ереже талаптарына сай дайындықпен қатыстырып отыруға мүмкіндік жасайды.
Елбасының жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі «100 нақты қадам» жоспарындағы 85-ші қадамына сәйкес «Мәңгілік ел» патриоттық әндер фестивалі, 86-шы қадамындағы Қазақстан Халқы ассамблеясының «Үлкен ел-үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру.
Іс-тәжірибе алмасу мақсатында республикамыздың мәдениет орталықтарымен байланысты нығайтады және кеңейтеді.