Мекеме туралы

Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы 1956 жылы облыстық мәдениет басқармасының мәдени-ағарту жұмыстарының әдістемелік бөлмесі негізінде «Облыстық халық шығармашылығы үйі» болып ашылған.

Орталық бүгінгі күнге дейін өзінің 64 жылдық тарихы кезінде Мұхтар Шаханов, Ысрайыл Сапарбаев сынды алты алашқа әйгілі ақындарымыз, вальс падишасы, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов, домбырашы-күйші Сәнен Әжиева, композитор-Сейдуалы Тұрғынбаев, Амангелді Сахиев, мәдениет қайраткерлері – Құрманәлі Мамеков, Ханбибі Есенқараева,Әселхан Қалыбекова, Құралай Сәтмұхамбетова, Лесбек Аманов сынды облысқа, республикаға белгілі өнер қайраткерлері қызмет етті. 1980 жылдан бастап мәдени-ағарту жұмысының облыстық ғылыми-методикалық орталығы болып қызмет атқарды.

1990 жылы халық шығармашылығы мен мәдени-қызметін ұйымдастыру облыстық орталығы болып қайта құрылды.

1998 жылдың 15 маусымында облыстық мәдениет басқармасының бұйрығымен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы болып құрылды.

2003 жылдан бастап облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып атанған.

2018 жылдың 19 маусымында Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы болып ауысты.

Бүгінгі таңда ведомстволық саладағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның заңды тұлғасы болып саналады, штат саны 43 адамды құрайды. Шығармашылық қызметкерлер саны – 23 адам.

Орталықта өнердің түрлі жанрлары бойынша жетекшілік ететін 4 бөлім және костюмдер цехы жұмыс жүргізеді.
а) Халық шығармашылығы бөлімі.
ә) Мәдени демалыс жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.
б) Техникалық жабдықтар пайдалану жө-ніндегі бөлімі.
г) Есеп-қисап бөлімі.
ғ) Костюмдер цехы.

І. Халық шығармашылығы бөлімі

Облыс халқымен, қоғамдық ұйымдармен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс атқарады. Халық шығармашылығының дамуына қызмет ете отырып облыстағы қалалық, аудандық және ауылдық клуб мекемелері мен кәсіпорындарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Мәдени қызметтің даму бағытын талдайды, бағдарлайды, жобалайды, демалыс қызметіндегі халықтың мәдени сұраныстары мен талап-тілектеріне сай ғылыми-әлеуметтік зерттеулер жүргізіп оны іс жүзінде орындайды. Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі жас таланттарды іріктеу жұмыстарын атқарып, олардың әрі қарай өсуіне ықпал жасайды. Халық шығармашылығы жанр түрлерін дамыту мақсатында мәдени іс-шаралар мен семинар-кеңестер, байқаулар, фестивальдер ұйымдастырады, олардың өту жоспарларын түзіп, саралап анықтайды.

ІІ. Мәдени іс-шаралар даярлау бөлімі.

Бөлім – орталықтың мәдени іс-шараларын іс-жүзінде орындап отырады. Демалыс қызметінің жаңа түрлерін ұйымдастырып, сценарийлер даярлап, олардың іс-қағаздарын жүргізеді. Өнер шеберлерін концерттік бағдарламаларға баулиды. Халықаралық, республикалық деңгейде мәдени іс-шараларды ұйымдастырудың ұйытқысы бола отырып, көпшілік іс-шараларды жинақтайды, пікір алмасып мәдени-демалыс қызметінің жаңа түрлерін мәдени іс-шараларға енгізеді.

ІІІ. Техникалық жабдықтар пайдалану жөніндегі бөлімі.

Кәсіби көркемөнерпаз ұжымдарының сондай-ақ, аудан, қалалардағы көркемөнер ұжымдары мен жеке дара орындаушылардың орындауындағы шығармаларды үн таспасына жазу жұмыстарын ұйымдастырады. Республикалық, облыстық байқаулар мен фестивальдерге керекті дыбыстар жазып, LED экран т.б техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

ІҮ. Есеп-қисап бөлімі.

Кәсіпорын қызметінің нәтижесін есепке алады және бухгалтерлік, статистикалық есептілікті жүргізеді. Оны өзіне тиісті басшы органдарға ұсынады. Оның дұрыстығына жауап береді.

Ү. Костюмдер цехы.

Орталықтың жан-жақты шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, көпшілік мерекелер мен іс-шаралар өткізуде ұлттық және концерттік сахналық киімдермен, декоративтік құралдармен т.б. қамтамасыз етіп отырады.

Орталық  халықаралық, республикалық,  облыстық іс-шараларды өткізіп, марапаттарға, алғыс хаттарға иеленіп келеді. Атап айтқанда 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндеріне белсене қатысқаны үшін Облыс әкімі А.Мырзахметовтің атынан алғыс хат, 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Әнімді саған арнадым, сүйікті менің, Шымқалам!» байқауын жоғары деңгейде өткізгені үшін ОҚО «Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Қ.Әліпованың атынан алғыс хат, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының  80-жылдық мерейтойына арналған «Нұрын шашқан – Оңтүстік» салтанатты іс-шараға  белсене қатысқаны үшін  Облыс әкімі А.Мырзахметовтің атынан алғыс хат, 2012 жылы «Арыс жағасында» ретро фестивалін ұйымдастыруға белсене қатысып, мәдениетке қосқан үлестеріміз үшін Облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаевтің алғыс хатымен, 2015 жылы Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай өткізілген іс-шараларды ұйымдастырған үшін облыс әкімі  Б.Атамқұловтын алғыс хаттарымен марапатталып, 2014 жылы Ұлттық бизнес-рейтингтер одағының «Сала көшбасшысы» орденімен, 2015 жылы Астана қаласының «Золото рейтинга» салық бойынша «Сала озаты-2015» ұлттық сертификатына   ие болды.