Мақсаттары мен міндеттері

І. Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы қызметінің мақсаты халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру, мәдениет саласында халық шығармашылығын дамыту, облыстағы аудандық, қалалық, ауылдық клуб мекемелеріне әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек беруді қамтамасыз ету болып табылады.

ІІ. Орталық  қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) мәдениеттің даму бағытын талдау, бағдарлау, жобалау, демалыс қызметіндегі халықтың мәдени сұраныстары мен талаптарын орындау;

2) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығарма-шылығындағы озық тәжірибені зерделеу, қорыту, таныту, оны енгізу және тарату;

3) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін ұйымдастыру;

4) халық шығармашылығының түрлі жанрларынан облыстық байқауларды, фестивальдерді, айтыстарды, тұсау кесерлерді, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;

5) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

6) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мереке-лерге, байқауларға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығар-машылығының үздік ұжымдарын насихаттау;

7) мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған әртүрлi мәдени акцияларды, бастамаларды қолдау;

8) талантты өнер шеберлерін және шығармашылық ұжымдарды іздестіру, орындаушылардың жаңа есімдерін анықтау, олардың одан әрі өсуіне ықпал жасау;

9) облыстық, республикалық және халықаралық ауқымда мәдени бұқаралық іс-шараларды, мәдениетті дамытуға бағытталған конференциялар, семинар-кеңестер, іс-тәжірибе алмасулар ұйымдастыру және оларды өткізуге тікелей қатысу;

10) Қазақстан Республикасының танымал қайраткерлерінің шығармашылық және еске алу кештерін өткізуді ұйымдастыру;

11) мемлекеттік бюджет есебінен, коммерциялық негіздегі емес, кәсіби көркемөнерпаз ұжымдарының орындауындағы шығармаларды үн таспасына жазатын дыбыс студиясының қызметін ұйымдастыру;

12) аудандық, қалалық мәдениет мекемелерінің айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерін қабылдап, зерделеу