Арыс қаласы

«Халықтық өнерпаздар ұжымы» драма ұжымы.

1989 жылы қалалық мәдениет бөлімінің жанынан драма үйірмесі жұмыс жүргізе бастады. Осы жылдар ішінде көптеген драмалық шығармалар сахналып, көремендер назарына ұсынылып өзінің жоғары бағасын алды. Сонымен қатар облыстық байқауларда өз өнерлерін көрсетіп жүлделі орындардың жеңімпазы атанды. Атап айтқанда;

1992 жылы С.Адамбековтің «Алтын  табақтағы  жылан»  спектаклін сахналастырылып  облыстық  байқауда  І  орынды    иемденді. 2005 жылы Ұлы  Жеңістің  60 жылдығына  орай   өтілген  халық   театрлары   мен  драма   ұжымдарының   арасында  өтілген  облыстық  байқауға  Ш.Айтматовтың   повесінің   желісі   бойынша   сахналастырылған  «Қашқын»   спектаклімен І орынды, 2006 жылы Д.Исабековтің  «Біз  соғысты    көрген  жоқпыз»  повестіне   инсциноврка  жасалып, «Бас жүлде»  жеңімпазы атанды. Белгілі жазушы, драматург Д.Исабековтің өзі қатысып қойылым «Қазақфильмнің»  жазушы туралы дайындаған деректі фильмге түсірілді.  Осы   спектаклде  ойнаған  4 – сынып   оқушысы Жетіруов Талғат «Ең   үздік  ер  баланы   орындаушы»   номинациясын  иеленді.  Желтоқсан оқиғасын ел арасында насихаттау мақсатында  С.Адамбековтің «Желтоқсандағы қара түн» романының желісінде инсценировка жасалып көрермендер назарына ұсынылды. Жерлес жазушы драматург Д.Исабековтің   өмірінен «Қазақ  — фильм» түсірген  «Исабеков әлемі»   деректі    фильмде өнер ұжымының актерлері қатысты. 

2008 жылы халқымыздың   асыл   мұрасына   айналған   «Мұңлық –Зарлық»  спектаклін алғашқы  рет сахнаға қойып  мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммедтің 2008 жылғы 8 мамыр №159 бұйрығына сәйкес «Халықтық   өнерпаздар  ұжымы»  атағын  жеңіп  алды.

2009 жылы Жетісай қаласында өткен облыстық халықтық атағы бар көркемөнерпаздар  ұжымдарының арасындағы байқауда «Әке  тағдыры» спектаклі қойылып  жүлделі орынды иеленді. Сонымен қатар Д.Исабековтың  «Әпке»,  «Құстар  фестивалі» атты    спектаклі  сахнанаға  шығарылып  көпшілікке  ұсынылды. Бұл  сахналық   қойылымды  жазушы – драматург  Д.Исабеков  арнайы  келіп, өз  ризашылығын  білдірді. 

Облыс,аудан  көлемінде  өткізлілетін  мәдени іс –шарларға сахналық  қойылымдар көрсетілді. Ұлы  Жеңістің  70 -жылдығына орай, көркемөнерапаздар ұжымы Ш.Айтматовтың   «Жәмила»  повесінің желісі бойынша  дайындалған облыстық байқауда жоғары бағаланып жүлделі ІІІ- орын жеңімпазы атанды.

Қазақ  халық  ертегісінің желісі  бойынша  «Қаңбақ  шал»  қойылымы  қала, ауыл  мектеп  оқушыларына ұсынылды.

Өнер ұжымында 24 өнерпаз спектаклдермен қатар қала, облыс көлемінде өтіліп келе жатқан түрлі театрландырылған қойылымдарға қатысып, өз өнерін көрсетіп келеді.

 

Өнер  ұжымының  жетекші  режиссері  Абдиров Айтқали.