Басшылық

Басшылық

Утегенов Ғалым Ермекұлы

Директор

Туған жері/ жылы-1972 жыл 18 желтоқсан Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары:

1991–1995 жж. Әль-Фараби атындағы Шымкент педогогикалық мәдениет институтының «Мәдени ағарту жұмысы» факультеті, «Бос уақытты ұйымдастырушы педагог» мамандығы бойынша білім алды.

1996-1998 жж. «Мирас» университеті, Экономика факультеті, «Менеджмент» мамандығы.

Жұмыс өтілі

  • 1996-2007 жж. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының автоклуб меңгерушісі, ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі;
  • 2008-2009 жж. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Халықаралық бағдарламалар мен көрмелердің бас маманы (Астана қаласы);
  • 2010-2014 жж. Астана қалалық Мәдениет басқармасының «Астана балет компаниясы» МКҚК, «Астана сазы» МКҚК-ң бас маманы;
  • 2014-2019 жж. Астана қаласы Мәдениет және Спорт басқармасының мәдени іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
  • 2019 жылғы ақпаннан Түркістан облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры.

Жұмабаев Азамат Асанұлы

«Халық шығармашылығын қамтамасыз ету» бөлімінің меңгерушісі

1988 жылы 5 тамызда  ОҚО Отырар ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген.

2006 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Экономика және өнер» факультетіне оқуға түсіп, 2010 жылы «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алып шықты.

2010 жылы тамыз айында Түркістан қалалық Мәдениет үйі халықтық шығармашылық бөліміне хормейстер болып жұмысқа қабылданды.

2011-2013 жылдар аралығында Отырар ауданы, Ақтөбе ауылдық клуб меңгерушісі болып қызмет жасады.

2013 жылдың наурыз айынан бастап Түркістан қалалық мәдениет үйінің режиссерлік қызметіне қайта қабылданып, облыс, қала көлемінде өткізіліп жатқан мәдени шаралар мен байқаулардың жоғарғы деңгейде өтуіне елеулі үлесін қосты.

2014 жылдың сәуір айынан бастап Түркістан қалалық мәдениет үйінің әдіскері қызметіне ауысып, түрлі мәдени іс-шаралар мен жыл көлеміде өткізілетін байқаулардың және қалалық мәдениет үйіне қарасты ауылдық клубтарға кураторлық жеткешілік етті.

2014 жылдың қараша айынан бастап «Жастармен жұмыс жасау» бөлімнің меңгерушісі болып қызметке тағайындалды.

2014 жылы Түркістан қаласы әкімінің «Үздік қызметкер» дипломы, Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығына маман қызметіне жұмысқа қабылданып, сәуір айында осы орталықтың «Мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі, мамыр айында өз өтініші бойынша «Халық шығармашылығын қамтамассыз ету» бөлімінің меңгеруші қызметіне тағайындалды.

Сапаров Бекжан Әбдіқадырұлы

«Мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімі меңгерушісі

1993 жылы Отырар ауданы, Балтакөл ауылында 21 қыркүйекте дүниеге келген.

2011 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Спорт және өнер» факультетіне оқуға түсіп, 2015 жылы «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша білім алып шықты.

2015 жылы қыркүйек айында Түркістан қалалық Мәдениет үйіне «сүйемелдеуші» болып жұмысқа қабылданды. 2016 жылы әдіскер қызметіне ауысып, түрлі мәдени іс-шаралар мен жыл көлеміде өткізілетін байқаулардың және қалалық мәдениет үйіне қарасты ауылдық клубтарға кураторлық жеткешілік етті

2019 жылдың мамыр айында Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының «Халық шығармашылығын қамтамасыз ету» бөлімінің фестиваль мен байқауларды ұйымдастыру жөніндегі маман болып жұмысқа қабылданып, маусым айында «Мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімі меңгерушісі қызметіне ауысты.