«Ескерткіш» әні

Опубликовано Редактор в

Міне, Ұлы Отан соғысы аяқталғанына да 75 жыл толды!.. Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр — азаттық күрестің айбынды күні. Сұрапыл соғыстың салмағы майдан даласын кешкен, оққа ұшқан жауынгерге ғана емес, ақ сүт беріп өсірген бауыр еті баласын амалсыздан аттандырған анаға, жан-тәнімен сүйіп қосылған, жар қызығын бөліскен азаматынан айырылған келіншекке, бір құрсақтан шыққан інісінен, ағасынан қол үзген бауырға түсті. Олардың бар қолынан келгені – күту, сағыну, Тәңірден амандығын тілеу. Бұл музыкалық туындыны жеңіс туын желбіреткен батырлар мен қайсар аналар рухына арнаймыз!