«Ауылым» әні

Опубликовано Редактор в

Қазіргі таңда Қазақстан да әлемдегі өзге мемлекеттер секілді коронавирус індетімен жан аямай күрес жүргізуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жариялап, індетпен күрес жұмыстарына бар күш құрылымдарын жұмылдыра білді. Қаншама медицина, құқық қорғау қызметкерлері күн-демей, түн демей еңбек етіп жатыр. Осындай қиын кезеңде Түркістан облыстық мәдениет және халық шығаршашылығы орталығының да ұжымы бүкіл қазақстандықтарға қолдау білдіріп, сақтық шараларын барынша ұстанып, үйде болуға шақырады. Ендеше, аталған ұжым қызметкерлерінің әсем әнін қабыл алыңыздар. Біздің ұжым қазақ елінің осы індеттен аман-есен шығатынына сенім білдіреді.