«Атамекен» әні

Опубликовано Редактор в

Атамекен әні

Әні: Е.Хасанғалиев, сөзі: Қадыр Мырза әлі

Құрметті Түркістандықтар, қадірменді желі қолданушылары! Әлем жұртшылығын үрейлендіріп,қаншама мың адамның өмірін жалмап, жұқтыру жылдамдығы бәсеңдемей отырған коронавирус індетінің алдын алу үшін елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен төтенше жағдай жарияланған болатын. Өкінішке орай бұл індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Қазірдің өзінде коронавирус індетін жұқтырған отандастарымыздың саны мыңнан асып кетті. Бірнеше ірі қалалар карантинге жабылды. Қаншама қазақстандық тұрғын сақтық шараларын ұстанып үйлерінде отыр. Ондағы мақсат- індеттің таралуын барынша тежеу. Ендеше қазақ халқын сабырға шақырып,рухани қолдау мақсатында Түркістан облыстық мәдениет басқарамасының бастамасымен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының қолдауымен өңіріміздегі аудандық және қалалық мәдениет қызметкерлері «Атамекен» әнін челлендж ретінде шырқап, қаншама отбасыға рух пен шабыт сыйлады. Бұдан бөлек, орталық ұжымы «Карантиндегі мәдениет қызметкерлері» атты онлайн-семинарлар мен онлайн концерттер ұйымдастыруда. Өңір өнерпаздарына қолдау білдіріп, пікір қалдырып, алғыс жаудырып жатқан баршаңызға алғыс айтамыз.